Түлектермен кездесу өтті

2022-2023 оқу жылының алтыншы сәуір күні Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде Жомарт түлек жобасы аясында «Ауылым — алтын бесігім» тақырыбында түлектермен кездесу өтті. Іс-шара ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталып, мектеп директоры Пирменова Айсұлу Ерболқызы ашып беріп, түлектерге алғысын жеткізді. Мектеп түлектері Байзақ ауданының маслихат депутаты Момынов Бағдат Ошақбайұлы, Ішкі істер органының зейнеткері запастағы полковнигі Құдайбергенов Мұрат Тұрсынбайұлы мен Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеші білікті маманы Сабралиева Сәуле Сарыбекқызы және «Шағал» ЖШС- нің бөлім бастығы Асанов Елдос Бердібекұлы кездесуге келіп, өз өмірбаяны мен балалық шақтарындағы қызықты оқиғаларын, сонымен қатар қазіргі таңдағы қызметтері жайлы айтып, оқушылар тарпынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар іс-шараға қамқоршылық кеңес төрайымы Х. Асабаева мен ардагер ұстаз С. Сувалиева және ата-аналар комитетінің төрайымы К.Ахметова қонаққа келіп түлектерге алғыстарын білдіріп, баталарын берді. Іс-шара барысында мектебіміздің өнерлі оқушыларының өнерлері тамашаланып Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындылап, келген қонақтарға мектеп ұжымы атынан алғыс айтылды.

Жамбыл ауданы