Түймеш

⚜️Ертеректе қазақтар соғымның сүр етінен жентек, түймеш, парша деген тағамдар жасаған.
⚜️Түймештің жасалуына етті арнайы дөңбекке салып, ағаш балға, қолтоқпақ сияқты ұрғылармен жаныштап ұрып, жентектеп немесе түймештеп етті ұсақтап алып, тұз, бұрыш салған.
⚜️Түймештелген етке бидайдың немесе тарының талқанын қосып, илеп қатырады да, біразға дейін ет мұздау үшін үлкен керсенге салып сақтайды. Осыдан кейін барып етті қамырға салып түйеді. Міне, осы тағамды қазақтар «түймеш» деп атаған.
⚜️Мамандарымыздың дені «қазіргі замандағы фаршты ата-бабаларымыз осылай жасаған. Мұндай етті қайсыбір қазақтар парша-түймеш деп те атаған» дейді.
⚜️Бір ескерілуі тиіс нәрсе – біз қазірде фаршты жас еттен жасасақ, түймешті қазақтар сүрленген еттен жасаған.
#ұлттықтағам #түймеш

Ruh.kz