«Сырлы жәдігерлер» айдары «Сәкеннің темір кереуеті»

С.Сейфуллин жары Гүлбаһрам Батырбекқызымен 17 жасында 1925 жылы танысады. Бұл Гүлбаһрамның совпартшколда оқып жүрген кезі еді. 31 – дегі сері жігіт бойжеткенді бірден ұнатып, сауаттылығына, алғырлығы мен батылдығына тәнті болады. Алғашқы кездесулерінде қырдың киігіндей одырайып тұрған Гүлбаһрам ыңғай бермеген соң Қызылордаға оралған. Сәкен өзінің «Совпарттағы қарындасыма» деген өлеңін арнап хат жазады. Хат арқылы көңілін білдіріп жазған хатында былай дейді:
«…Өз тіршілігіміз жаман емес. Жаңа пәтер алдым. Саған жазған адресім — сол жаңа пәтерімнің адресі еді. Үй саймандары түгелденбей, жаңа-жаңа жиналып жатыр. Кірәуат керек. Бірақ Қызылордада тәуір кірәуат болмаған соң, Ташкенттен алғызамын ба деп Салыққа хат жазған едім. Онда тәуір кірәуат 180 сом дейді. Тұздығы ащылау болып тұр. Білмеймін не қыларымды…», «… Бұрын тұсқа және кірәуат алдына ұстап жүрген бір-екі кілемдерімді елге апарып тастап едім. Өкініп жүрмін. Лаж жоқ енді. Кірәуатім қазнанікі еді, қымбат болса да меншікті кірәуат алмай да болатын емес…».
Осылайша Сәкен мен Гүлбаһрам 1926 жылдың күзінде бас қосады.

Сәкен Сейфуллин Музейі