Сүйінбай ақын ізімен

Бүгін ауданымызға «Сүйінбай ақын ізімен» атты әдеби-танымдық тарихи халықаралық ғылыми экспедиция келді.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, академик, профессор, жазушы Нағашыбек Қапалбеков бастаған топ құрамына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Қансейіт Әбдезұлы, тарих ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университетінің кафедра меңгерушісі Берекет Кәрібаев, Қазақстан Жазушылар Одағы «Проза секциясының бастығы», «Алаш» сыйлығының лауреаты Қуандық Түменбаев және Сүйінбай музейінің өкілдері, Алматы облысы Жамбыл ауданының бірқатар азаматтары енген.

Экспедиция мүшелері алдымен Кенен ауылына барып, ауылдық мәдениет үйінде деректі фильм мен концертті тамашалап, К.Әзірбаев ұрпақтармен кездесті.

Осыдан кейін ақын музейімен танысып, әруағына Құран бағыштады.

Келесі кезекте қонақтар Кенен ауылы маңынан орын тепкен «Тұлғалар тұғыры» мемориалды кешеніне барып, кешеннің идеясы мен құрылыс турасында аудандық музей қызметкерлері түсініктеме берді.

Экспедиция мүшелері осы күні Қордай батыр және Қарасу ауылдық округінде орналасқан Өтеген батыр кесенесінде де болып, тарыхымызда есімдері алтын әріппен жазылған батырлардың кесенелерінің ашылу тарихы туралы мәліметтерге қанық болды.

Қордай ауданының әкімдігі