Суретші оқушылардың көрмесі ашылды (Фото)

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіндеТәуілсіздіктің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған Астана қаласындағы мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарынан құралған «Тәуелсіздік – таң нұры» атты мектепаралық сурет байқауының көрмесі ашылды.

d4s_9582

Аталған шараға Астанадағы 20-ға жуық мектептің шәкірттері қатысты. Көрмеге оқушылардың ең үздік 50 жұмысы қойылған. Оның ішінде – графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер, мүсін және фотоколлаж бар.

d4s_9584

Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар марапатталды. «Шеберлікпен өрілген» номинациясын №50 мектеп оқушысы Жүніс Толғанай, «Үздік композициялық ізденіс» номинациясын №6 мектеп оқушысы Сергиенко Мария, «Орындау шеберлігі үшін» номинациясын №61 мектеп оқушысы Баедилова Лаура, «Үздік тақырыттық жоба» номинациясын №36 мектеп оқушысы Сухаева Анель иеленді. Жүлделі ІІІ орынды №50 мектеп оқушысы Сайдумаров Абылай, ІІ орынды №2 мектеп оқушысы Ильина Надежда,  І орынды №52 мектептің оқушылары Қайратқызы Айдидар мен Қайратқызы Айдина жеңіп алды. Сонымен қатар жас жеткіншектерді өнерге баулыған ұстаздар қауымы да ұйымдастырушылардың алғыс хатына ие болды.

                        d4s_9675   d4s_9660

Көрменің мақсаты – жас  ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып,  олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен Қазақстанның тарихына және мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру. Сондай-ақ, жас жеткіншектердің жеке  шығармашылығын дамыту әрі кеңінен насихаттау. 

                                            d4s_9612   d4s_9588

Шараны ҚР Ұлттық музейінің музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің эстетикалық тәрбие беру жұмысы секторы ұйымдастырды.

ҚР Ұлттық музейінің жұртшылықпен байланыс бөлімі