Су қоймасындағы зерделеу жұмыстары

Бүгін аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Сыпатай батыр ауылындағы ескі су қоймасының ахуалымен танысты.

Аудан әкімінің Сыпатай батыр ауылының тұрғындарымен кездесуінде тұрғындар тарапынан ауылдағы ағын су тапшылығы мәселесі көтерілген болатын. Осыған орай, Жорабек Нұрмергенұлы жауапты салалардың басшыларымен бірге ауылдың жоғары жағындағы ескі су қоймасына арнайы барып зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Жорабек Нұрмергенұлы су қоймасының аумағы мен сыйымдылығын, қойманың топырағының су ұстау қабілетін және қоймаға келіп құятын арықтардағы су мөлшері жайында ақпаратты ұсынуды аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары мен аудандық «ҚазСуШар» мекемесінің басшысы Мәлік Әділқұловқа тапсырды.

Меркі Ауданы Әкімдігі