СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫМЕН МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бастамасымен «Аманат» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 30 қаңтар мен 4 ақпан аралығында спорт жұлдыздарымен Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандарында және колледждерде 17 мотивациялық кездесу өткізіліп, 1642 оқушылар мен студенттер қамтылды.
Мотивациялық кездесудің құрметті қонақтары ретінде Шарипова Феруза, Айбол Айтбек, Медетбеков Қуанышбек, Туктеев Мұхтар, Тұрғынбек Мадияр, Асқарбек Әзімбек, Сапаргалиев Алимжан, Щепак Светлана, Ратбек Балнұр, Қасымов Садет, Ильицкий Иван, Құтбаев Серік, Ауғанбаев Сәкен, Құрбаналиев Исмағұл,Пшанов Берік, Бекұзақов Бауыржан, Абдулаев Бағдат сынды спорт саласында жетістікке жетіп жүрген бірқатар тұлғалар тәжірибелерімен бөлісті.

Жамбыл облысының білім басқармасы