СОЗАҚТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ӨТУДЕ

Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығында Созақ ауданы аумағында санитарлық тазалық пен көркейту-көгалдандыру жұмыстарының қарқыны артуда.
Акция аясында барлық ауылдар мен елді мекендерде гүл мен тал көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ аялдамаларды қалпына келтіру, күл-қоқыс шығару, тазалау, тұрғын үйлердің ауласындағы қоршауларды ретке келтіріп, талдардың түптерін әктеп, жол белгілері мен көше бойында орнатылған электр бағаналарын сырлау сынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі