Сода қосылған су аяққа да, ағзаға да сергектік сылайды

Шаруа кісінің ісі ерте көктемнен қоңыр күз аяқталып, қыс түскенге дейін жалғасатыны сөзсіз. Белін бүгіп, аяғымен тік тұрып, жұмыс жасағанда әсіресе аяқтың сіңірлері сіресіп қалады. Мұндайда мен жұмыс арасында аяқтарымды демалдырып отырамын. Оның тәсілі мынадай:
Аяқ киімімді шешіп, сосын астына қатты нәрсе қойып, жоғары көтеріп жатамын. Бұның өзі аяқ қан тамырларының демалуына жақсы әсер ететіні сөзсіз.
Аяқтарды демалдырудың жақсы жолы-аяқты бөлме температурасындағы суға салып, бір мезет отыру деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мұндайда ыстық суды пайдалануға болмайды. Әсіресе аяқ варикоз аурулары барлар үшін қауіпті. Өйткені ыстық су қан тамырларының кеңеюіне әсер етуі мүмкін.
2 стакан жылы суға 2 ас қасық соданы жақсылап араластырып, ерітіп аламын да, оны ішінде жылымық суы бар ыдысқа құямын. Үстіне жалбыз тұнбасының бірнеше тамшысын тамызып, аяғымды 15-20 минут салып отырамын. Осы 20 минутта аяғым тынығып, өзім кәдімгідей сергіп қаламын.
Балжан АЙТБАЕВА.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)