Сіздердің талаптарыңызды өте орынды деп есептеймін

Қымбатты жаңаөзендіктер, Маңғыстау мұнайшылары!

.Газдың үстінде отырып газ қымбаттаса, мұнайға шомылып отырып жанармай қымбаттаса, қамба толы астықтың үстінде отырып нан қымбаттаса, халық наразы болмағанда қайтпек? Барыс жылының басында барысқа тән мінез көрсеткендеріңізді қолдаймын. Тек, араларыңызға арандатушылар араласып кетпесін, содан сақ болғайсыздар. Біздің үкімет өзін «еститін үкімет» деп жариялады ғой. Естіп, көріп отырған шығар бәрін. «Халық жазушылары мен халық артистері» халықтың жағында болатын шығар деп сенемін.
Әділдікті талап ету жолындағы наразылыққа билік бұл жолы күш көрсете қоймас. Тек, арандатушылықтардан сақ болғайсыздар!

 

 

 

 


Құрметпен, Дулат Исабеков.