Шымкентте 500 оқушы «I Love Astana» жазуын бейнеледі

Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Шымкенттегі «Назарбаев» зияткерлік мектебінің 500 оқушысы флешмоб ұйымдастырды. Астана көшесінің маңына жиналған шәкірттер бір мезетте «I Love Astana» жазуын бейнелеп, елордаға деген сүйіспеншілігін паш етті.

Айта кетейік, дарынды жастар бұған дейін де қайырымдылық шарасын өткізіп, өз қолдарымен жасаған бұйымдар мен тәттілерін саудалаған болатын. Түскен қаржыға ауылды жерде тұратын көмекке мұқтаж 5 балаға «Экспо» көрмесін тамашалау үшін жолдама сатып алып берген.

Мектеп басшылығы жастардың қоғамдық белсенділігін бұдан әрі арттырып, еліміздің нағыз патриоты етіп тәрбиелеуге күш саламыз деп отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі