Шымкент қаласының бас жоспары қайта қаралып жатыр

Алдағы 7 жылда Шымкент халқы 1 млн. 400 мың адамға жетеді деген жоспар бар. Бұл қаладағы көлік қатынасын қиындатып, әлеуметтік мәселелерді одан сайын күрделендіріп жіберуі мүмкін. Сол үшін қазір қаланың бас жоспары қайта қаралып жатыр. Жаңа жобаға сәйкес, шаһарда жаңа мөлтекаудандар бой көтеріп, тағы бір индустриалды аймақ салынуы ықтимал. Облыс орталығының алдағы кескін-келбеті қоғамдық талқылауда қаралды.

Шымкенттің жаңа жоспарын қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен үш бірдей жобалаушы компания бірлесіп жасауда. Әзірге негізгі жұмыстар аяқталған. Жобаны сызғандардың сөзіне сүйенсек, жаңадан дайындалған бас жоспар қаланың қазіргі аумағын тұтастай қамтиды. Онда инженерлік жүйелерді жүргізу, қала қақпасындағы күре жолдарды кеңейту де ойда бар.

Сағындық Ауғанбаев – жобалаушы мекеменің маманы

Бұл актуализацияның алдында 4 жыл бұрын осы Шымкент қаласының қала аймағының бас жоспары дайындалған. Онда да осы мәселелер қаланың бас жобасы мен ұйқастырылған. Қаланың барлық мәселелері ұйқастырылған.

Жаңа жоба бекітілсе, қалада тағы бір индустриалды аймақ ашылады. «Шымкент қаласының индустриалды аймағы» — деп, аталатын орталықтың аумағы 1000 гектар болуы мүмкін. Онда негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен ірі-ірі өндіріс ошақтары шоғырланады. 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

Сағындық Ауғанбаев – жобалаушы мекеменің маманы

Ол жерде жоғарғы дәрежеде логистикаға сәйкес мына шығарылған зауыт бұйымдарын жан-жаққа тарату үшін дұрыс сортировать етіп көліктермен қамтамасыз ету мақсаты да жүктеліп отыр.

Әзірге 54 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленген. қала әкімінің қаулысымен күні бүгінге дейін соның 47-сі бекітілді.

МАҚСҰТ  Жарылқасын