Шыңжаңдағы режим нені көксейді?

«5 шілде бүлігінен» кейінгі күшейген әскери

режим Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы (атауы солай болғанымен 1 миллион 600 мың шаршы метрлік алып аумақ) Қытай билігі үшін саяси жақтан аса маңызды әрі «нәзік өңір» есептеледі. Осы «нәзік өңірдің» орталығы Үрімжі (Қазақстандықтар Урумчы деп атап кеткен) қаласында 2009 жылдың 5 шілдесінде ірі көлемдегі қантөгіс орын алды. Қытайдың ресми органдарының таратқан мәліметі бой- ынша 197 адам өліп, 2000 ға таяу адам жараланған, ұлт аралық қақтығыстан кейін тұтас Шыңжаң әскери түске еніп шыға келді. Аталмыш қанды оқиғаның білтесі ішкі Қытай жерінде тұтанған еді. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуаңдұң провинциясындағы әлдебір заводта болған, қытайлар мен аздаған ұйғырдың арасындағы төбелестен кейін екі ұйғыр азаматы қытай жігіттерінің қолынан мерт болады. Онымен қоймай қалың қытай қаптап, ұйғырларды таяқтап жатқан фото суреттер ғаламтор бетін шарлап кетеді. Шыңжаңдағы ұйғырларға жеткен «заводта жұмыс істейтін ұйғыр қыздарды зорлаған қытай жігіттері- мен төбелесіп жүріп екі азамат мерт болды» деген дақпырт, ұйғырлардың ашуын қозғаған еді. Үрімжі көшелеріне жиналған ұйғырлар үкіметтен «әділдік сұрап» бастаған ереуілдерінің арты осыншалық насырға шабатындығын ойламаған да шығар? «Қанға-қан аламыз» деп ұрандатқан ұйғырлар көшедегі жүргіншілерден тартып, тәртіп сақшыларына дейін «қолдан келсе қырып салу» ниетінде жаппай қантөгісті бастап кетеді. Шыңжаң өлкелік үкімет пен Орталықтың шешімі бойынша полиция және қарулы әскерлердің күшімен әзер тоқтатылған ұйғырлар бүлігі, екі күн өткеннен кейін «қытайлардың бас көтеруіне» жалғасады. Осындай көлемді қақтығыстан соң, Шыңжаң өңірі күшейтілген әскери тәртіпке енген еді. Оқиғаның басталуына себеп болған Гуаңдұңдағы төбелестің жәй- жапсарын «ашып берген» Қытай ІІМ, «ұйғыр жігіттері қытайдың қыздарын зорлағандықтан басталған төбелес» деп тұрақтандырды. Сонан бергі уақытта, Шыңжаңның оңтүстігіндегі ұйғырлар жиі қоныстанған аймақтарда қазірге дейін халық толқулары толастаған емес. Қоғам қауіпсіздігі министрлігі (яғни Қытай ІІМ) тәртіп сақшылары мен амандық сақтаушы әскерлерге «бұзақыларды нақ майданда бір жәйлі етуге» рұқсат етті. Яғни «кез-келген адам лаңкестік пиғыл танытып, қоғамдық тәртіпті сақтаушыларға қарсы шабуылдаған жағдайда суық қару қолдануға болатындығы» еді. Бейресми ақпараттарға қарағанда, құзырлы мекеменің мұндай пәрмені қыруар ұйғыр «террористерінің» көзін жоюға «септігін тигізген» көрінеді… 2009 жылы орын алған «5 шілде оқиғасынан» қазірге дейін мемлекеттің қатаң бақылауы астында жұмыс істейтін Қытай БАҚ-тары «көзі жойылған террористер» туралы жиі-жиі хабарлап келе жатыр. «5 шілде оқиғасынан» кейін Шыңжаңда қоғамдық тәртіп бүкілдей күшейтілген әрі аса жоғары сақтық деңгейіне көшірілді. Басынан бақайшығына дейін мұздай қаруланған ерекше жасақтар қаптап шыға келді. Ауылдағы жұмыссыздардың арасынан физикалық дайындығы жақсы ұйғыр, қазақ жастарын полиция қатарына немесе, «полиция көмекшісі» қызметіне көптеп қабылдай бастады. Ертелі-кеш жүргізіліп отыратын түрлі саяси курстар мен БАҚ-тардың мықты үгіт- насихаты арқасында аз ұлт жастары қазіргі күнде «ұлттық бөлшектеушілікке қарсы тұрып, отан тұтастығын қорғау мен діни соқыр сенім әрекеттеріне тосқауыл қою» сияқты қимылдарда аса белсенді әрекет етіп жүр. Шыңжаңда қазірге дейін әлеуметтік орындардың барлығының қақпасына тексеру апараттары орнатылумен қоса, барлық мемлекет қызметкерлері, өз міндеттерінен бөлек, күндіз-түні кезектесіп қарауылға тұру борышын атқаруда. Бұл түзімнің қатаңдығы сонша, кімде-кім қарауыл орнынан табылмай шықса, (тіпті бірнеше минут болса да) қаншама жылдан бері істеп келе жатқан қызметтерінен бір жолата қуылып жатыр. «Ұлттар ынтымағы» мәселесін барлығынан жоғары қоямыз»- деп ұрандататын Қытай елінде, 2009 жылдың 5 шілдесінен кейін-ақ аз ұлттарға, соның ішінде ұйғырларға деген қоғамдық көзқарас бүкілдей өзгеріп шыға келді. Қытайлар аз ұлттарды «төмен деңгейдегі ұлттар» ретінде қарайтын көзқарастарын ашыққа шығара бастады. Мемлекеттік органдардың таратқан ресми мәліметі бойынша «5 шілде қанды оқиғасында 197 адам өлді» делінгенімен халық бұған сене қойған жоқ. 7 шілде күнгі қытайлардың бас көтеруі кезінде қанша ұйғырдың ажал құшқанын, полиция ұстап әкетіп босатқаннан кейін бір-екі аптаның ішінде өз үйінде жатып ұйқысынан оянбай қалған ұйғырлардың қанша адам екенін ешкім де білмейді. Сол кезде Үрімжі қаласындағы «Үлкен базар» мешітінің бас имамы, «әр күні қыруар адамның жаназасын шығарудан шаршағандығын» айтып үкіметтен «қан шығармай бауыздай беруін тоқтатуын» талап еткендігі туралы әңгіме таралып жүрді. Тұтас Шыңжаң өңірінде бір жылға таяу уақыт интернет желісі ажыратылып, ішкі істер мекемелерінің бақылауы күшейтілді. Жер-жерде әскер молайып көше бойларында құм салған қаптармен қоршалған әскери шептер орнатылды. Көліктерді, адамдарды тінту қатаңдастырылып, бұқараның қолындағы пышақ атаулы тегіс жиып әкетілді әрі сатуға тиым салынды.

Ұйғырға туған күн енді қазаққа туа бастады

Шыңжаңдағы мұндай сақтық шаралары «дәстүрге» айналып, халықтың еті үйрене бастаған еді. Десе де былтырдан бері өлкелік компартия комитетінің жаңа тағайындалған бас хатшысы- «Шын шуан гуо жолдастың қолымен қағылған «1 дәрежелі сақтық дабылы», шалғайдағы қыстақтарға дейін табандарынан тік тұрғызды. BBC агенттігінің қытай тілді ақпарат көздерінің пайымдауынша «Тибет автономиялы ауда- нында жемісті қызметтер атқарған» Шын шуан гуо, ҚХР-ның Президенті Ши жин пиңның сенімді адамы» делінген екен. Халықтық толқулар жиі  орын алып отыратын Шизаң тибет автономиялық ауданы да Қытайдағы «нәзік өңір» санатында. «Дүниенің жотасында» жатқан тибет жерінде де 2009 жылы ұлт араздық қақтығыс туылып, Ласа қаласында «жаппай тәртіпсіздік жасаған» тибеттердің полиция күшімен бастықтырылғандығы БАҚ-тарда ашық тараған болатын. Осындай «нәзік аймақта» 2011-2016 жыл- дар аралығында партия комитеті (ҚХР компартиясы) мен, қарулы күштерін қатар басқарған Шын шуан гуо, Орталық Үкіметтің ше- шімімен 2016 жылдың тамызында Шыңжаң ұйғыр автономиялы ау- даны компартия комитетінің бас хатшысы болып тағайындалды. Шыңжаңдағы қызметін көше бойындағы полиция қарауыл үйлерін көптеп тұрғызумен бастаған Шын шуан гуоның бұл әрекетін кейбіреулер, жылжымалы полиция бекеттеріне арналған үйлер жасаумен айналысатын компаниясы бар немере інісінің бизнесімен байланыстырып жүр. Бір анығы Шыңжаң өңірі соңғы жылдары ҚХР-ның бір тұтас бекі- тілген заңдарынан бөлек, өлкелік үкімет пен жергілікті атқарушы органдар және жергілікті полиция бөлімшелерінің өз алдарына белгілеген заңдарымен өмір сүріп жатыр. Жаңа басшының пәрмені әлде орталықтың шешімі екені ашық айтылмайтын не түрлі «жаңа белгілемелер», өзге туысқан ұлттарға қарағанда үкіметке «сүйкімді» көрінетін қазақтарды да қағыс қалдырмай жатыр. «Шекарадан кіріп-шығуды басқару мекемесі мен қоғам қауіпсіздігі саласының ортақ электронды базасын құру белгілемесі» бойынша барлық азаматтардың төлқұжаттары жинап әкетілді. Бұл қатарда кейбір қазақтардың Қазақстан Республикасы тарапынан берілген ықтияр хаттары да полицияның қабында жатқаны жасырын емес. Бұрын мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарып зейнетке шыққаннан немесе денсаулығының нашарлығына байланысты зейнетке ерте шығып бала-шағасымен Қазақстанда тұрып жатқан, ҚХР-ның қазақтары тегіс шақыртылып алынып, төлқұжаттары мен ықтияр хаттары тәркіленіп жатыр. Баруға көнбегендерінің зейнетақысы тоқтатылған. Мұнымен қоса «ҚХР а з а м а т т ы ғ ы н а н шығу парағын» алмаған Қазақстан азаматтары да (ҚР азаматтық алған оралман- дар) шекарадан кірген бойда ҚР төлқұжатынан айырылып, «қатысты документтерін жинастырып» барып, Қазақстанға әзер оралуда. Осы ара да тағы бір сорақы жағдайды айтпай кетуге болмас деп ойлаймыз. Қазіргі күнде Шыңжаңда, ҚХР-ның азаматтығынан заңды түрде бас тартып, ҚР азаматтығын алған қандас ағайындардың (ҚР азаматы) жеке басына қатысты мәліметтердің мұқият жинастырылып жатыр. Мұнда сол азаматтың бұрынғы тұрған жеріндегі полиция бөлімшесі арнаулы парақша дайындаған . Азаматтардың   Қ а з а қ с т а н н ы ң қ а й с ы өңірінде тұрып, жатқандығы,  тұрақты мекен- жайы, кәсібі, о т б а с ы л ы қ жағдайы, (ҚР- на келгеннен кейін некеленген азаматардың жарларына қатысты да мәліметтер қамтылады) сол елді мекен туралы қысқаша ақпараттар мұқият естелікке алынып жатқан мұндай парақшаны, ҚР азам аттығын алған қазақтардың жақын туысқаны немесе, Қазақстаннан елге туысшылай барған азаматтарды полиция бөлімшесіне апарып «жағдай ұғысу» кезінде жазып алып отыратын болған. Қазіргі күнде Қытай қазақтарының діни еркіндігіне де шектеулер қойылып жатыр. Бұқараның қолындағы діни кітаптар тегіс тәркіленумен қоса, Ұлы Жа- ратушы есімі жазылған, кәлима-шаһадат өрнектелген, құран аяттары түсірілген барлық жазбаларды қабырғаға ілуге, көрнекі орындарға қоюға тиым салы- нып, бір тұтас «көздерін жою» науқаны өрістей бастаған. Мешіттерге болған бақылаудың күшейгені соншалық, жұма намазына жиналған жамағаттың мешіт қақпасына орнатылған арнаулы құрылғыға, жеке куәліктерін «сүйкеп өтуі» міндетке айналыпты. Биылғы ораза айт намазы кезінде кейбір мешіттерде «белгілемеге сай келмейтін адамдар- ды» (компартия мұшелері, қызметтегі адамдар, кәмелетке толмағандар…) полиция қатаң ескертумен таратып жіберіп, бар болғаны он шақты ақсақал айт намазын оқып тарасқан жағдайлар да орын алған. Шыңжаң полициясы нақты іс-әрекетпен қоса, адамдардың сөз сөйлеуіне де шұқшия бастаған көрінеді. Ол жақтан келгендердің жасқана отырып айтуларына қарағанда, қазір «АЛЛА берді, немесе АЛЛА бұйырса» деген сөздерді айту, компартияның халыққа деген мейір-шапағатын естен шығарған әрекет есептеледі екен… Қазақстаннан діни кітаптар алып өткен немесе ұялы т е ле ф о н д а р ы н да намаз у а қ ы т ы н х а б а р л а й т ы н қосымшаларының болғандығы үшін, бар болғаны бірнеше күннің ішінде сот шешімімен неше жылға сотталып жатқан қазақтардың да қатары арта түскен. Ауылдағы әрбір отбасыларға ҚХР-ның байрағы таратылып, көрнекі орындарға ілулері міндеттелген. Жас-кәрі демей барлық адамдарға жиналыс, мереке-мейрам күндері т ө ң к е р і с т і к әндер (компартияны, Мао ны жырлайтын қызыл әндер) айту «сәнге» айналдырылып, қарт аналардың да «көйлекті тым ұзын етіп кимеулері» ескертіле бастапты. Қытайларға қыз берушілерге жергілікті бюджеттен қомақты сыйақы тағайындау «белгілемесінің» атқарыла бастағанына да неше жыл толды. Мұнымен қоса «әр ұлт халқы бір отбасындай өмір сүру» науқаны бойынша, мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлер (аз ұлттар) бір хан- зу отбасымен «туысқан болу» қимылы да күшіне енген. Белгілемеге сай, бұл «туысқандар» бір-бірлерінің отбасыларына жиі-жиі барып, ол туралы өз мекемесіндегі басшыларына есеп беріп отырулары тиіс. Аудан, ауыл көлемінде қарқын алып тұрған мұндай әрекеттерден бөлек, Үрімжі секілді орталық қалалардан таралатын аз ұлт тілдеріндегі (ұйғыр, қазақ) газет-журналдардың соңғы 10-15 жыл ішіндегі нұсқалары қайта сүзгіден өткізіліп, жарияланған шығармалардың арасындағы «саяси қателіктердің» авторлары жауапқа тартыла бастаған. Жалпы Шыңжаң көлеміндегі осы тектес түрлі науқандарды халық «жаңа түрдегі мәдениет зор төңкерісі» деп атап жүр. Бұлай дейтіні, 1966-1976 жылдар аралығында ҚХР-ның көсемі Маоның басшылығымен жүргізілген «мәдениет зор төңкерісі» бүкіл елді былыққа салып, мемлекетке орасан зор шығындар әкелген еді.

Қысым көріп жатқан қазақ молдалары ма?

Биылғы рамазан айының басында Шыңжаңның Санжы облысына қарасты Мори қазақ автономиялы ауданындағы қазақ мешітінің бас имамы, діни қайраткер Әкмияттың «өз-өзіне қол салып қайтыс болғандығы» туралы суық хабар таралды. Жалғыз ұлын Алматыға оқуға түсірген Әкмият молда, Астана ір гесіндегі Қоянды ауылынан үй салдырған екен. Енді біржолата елге көшіп келуді жоспарлап жүрген азаматтың аяқ-астынан «асылып өлгеніне» ешкім сенер емес. Алайда, марқұмды жақсы танитын адамдардың барлығы «өздерінің мардымды ештеңе білмейтіндіктерін» айтып, бұл хабарды жылы жауып қойып жатыр. Бас штабы АҚШ-та орналасқан «Еркін Азия» радиосының қытай тілді сайты ғана (www.rfa.org/mandarin/yataibaodao/shaoshuminzu/q12-0710201- 7114108.html) аталмыш оқиға туралы мақала жариялады. «Маусымның басында тұтқындалған азаматтың 4 мау- сым күні таңға жақын асылып өлгендігі туралы хабар таралған. Аудандық по- лиция мекемесінің адамдары марқұмды екі сағаттың ішінде жерлеуге бұйырып, әрі отбасындағылар мен туыс- туғандарына «Әкмияттың өз-өзіне қол салғандығынан» өзге ешқандай мәлімет бермеуін қатаң ескертіпті. Мақалада бірнеше бейтаныс адамдар неше күн бойы қабырды торуылдап жүрген… Сонымен қатар Қытайда кеңінен қолданылатын Вичат желісін, ішінде Әкмият молда бар топтың 100 ден астам мүшесін шілденің басында тегіс тұтқынға алған деген ақпарат тараған. Тек қана бір жас жігіт алдын-ала сезіктеніп Қазақстанға өтіп үлгерген. Қудалау көріп жатқан қазақ молдаларының қатары молайып келе жатқан көрінеді. «Іленің Күнес ауданындағы тұтқынға түскен қазақ имамды 4 жылға соттапты» деген хабардың ізі суымай жатып, Алтай аймағының Қаба ауданындағы бір қазақ мешіттің имамын «рұқсатсыз жаназа шығарғандығы үшін» 10 жылға с о т т а л ғ а н д ы ғ ы , «заңды неке куәлігін алмаған ер мен әйелге неке қиып берген» қазақ молданың еңбекпен түзету лагеріне әкетілгендігі туралы хабарлар көптеп таралып жатыр. Ал кейбір батыл пікір айтудан жасқанбайтын азаматтар Шыңжаңның барлық өңіріндегі қазақ молдаларының қатаң бақылау астында жүргенін жасырмайды. «Олардың төлқұжаттары тегіс жинап әкетілген. Ұялы телефондары мен отбасы мүшелерінің де телефондары мен ғаламтордағы қыбыр-қимылдары полицияның қадағалауында тұр», — дейді ағайындар. (аты-жөндерін атамадық) 2009 жылдың «5 шілде оқиғасынан» кейін басталған қатаң режим кезінде де үкіметтің қырына ілінбеген қазақ молдалары, былтырдан бері «сенімсіз- дер қатарына» енгізілгендігін әркім-әр түрлі жорамалдайды. Біреулер үкіметтің «жалғыз ұйғырға ғана емес жалпыға ортақ тәртіп орнатып жатқандығымен» байланыстырса, біраз адамдар «Қытай қазақтары арасынан да жиһатшылдар шыққандығы үкімет назарын ауда- рып отыр» деп есептейтін көрінеді. Ал Қазақстанда тұрып жатқан қандас ағайындардың ішінде «қытайлар Шыңжаңдағы қазақтар арқылы Қазақстанның жанды жерінен ұстағысы келеді» деген болжам айтатындар да кездеседі. Қалай дегенмен де Қытай қазақтарына деген қысым күн санап көбейіп келе жатыр. «56 ұлттың ортақ отаны» ретінде сипатталатын Қытай еліндегі 2 миллионнан астам қазақ , өз ана тілдерінде сөйлейтін әрі баспасөзі бар тибет, моңғол, ұйғыр, корей, изу қатарлы санаулы ұлттардың бірі. «Коммунист ағасы» Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейінгі уақытта Қытай елі «Қытайлық ерекше- лікке ие социализм» жолына бет бұрып, нарықтық қоғамға бір жола көшкенімен де, Кеңестің кейбір тәжірибелерін әлі де кәдеге жаратып келе жатыр. Қазіргі күнде ішкі Қытай жерінен «Шыңжаңды ашу» науқанына орайластырып қыруар адамды қоныстандыруда. Аз ұлт мектептерін, қытай тілді мектептермен біріктіріп, олардың санын барынша азайтып жіберді. Соның нәтижесінде көптеген қазақ мектептер жабылып, «қытай тілінде сабақ оқытуға қабілетсіз» қаншама мұғалімдер, үкіметтің орналастыруы бойынша дене еңбегімен шұғылдануға мәжбүр болып отыр. Ал қытай мектептерінен білім алып жатқан қазақ жеткіншектері, ана тілдерін ұмыта бастаған. Осындай күрделі өзгерістердің қатарына, былтырдан бері орын алып жатқан қазақтан шыққан дін қызметкерлеріне деген қысымның үрей туғызарлық деңгейге жетуі, «жығылғанға жұдырық» болып тұр. Тілінен айырылған қазақты тездетіп дінінен айырса, арғы жағы ханзуларға жеңіл болатындығы кімге болса да түсінікті болса керек. Миллиардтың арасындағы шырылдап жатқан қандастарымызға жаратқан ие- міз жар болсын!

 

Дәулет Тауасарұлы