Шығармашыл жастарға қолдау

Бүгінде әзіл мен тапқырлықты жанына серік еткен жастардың басын бір арнаға тоғыстырған «Жайдарман» ойыны барша жұрттың жүрегінен орын алып, сүйіп көретін бағдарламасына айналды.
🔹«Жайдарманның» ең басты ерекшелігі – өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы өзекті мәселелерді арқау етіп, халықтың бүгінгі сұранысының талаптарына сай болуында.
🔹Жамбылдық жастар да «Жайдарман» ойындарының биігінен көрініп жүр. Айталық, тараздық «Медиум-Тараз» командасы жоғары лигаға жолдама алды.
Соған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жайдарманшыларды арнайы қабылдап, жетістіктерімен құттықтады. Шаһар басшысы өз сөзінде шығармашыл жастарға қолдау көрсету үздіксіз жалғасатынын жеткізді.
📌Жайдарманшы жастар да өз кезегінде қала әкіміне шынайы алғыс білдіріп, жоғары лигада жетістікке жету жолында бар күш-жігерлерін салатынын айтты.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы