ШУҒА 32 БАС АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА ЖЕТКІЗІЛДІ

Қазіргі таңда үй іргесіндегі төрт түлікті, оның ішінде мүйізді ірі қараны асылдандыру жұмыстары ерекше екпін алып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Н.Нүржігітовтың тікелей тапсырмасына сәйкес жүзеге асуда.
Мәселен, бүгін ғана Қостанай облысынан ауданымызға 32 бас асыл тұқымды “герефорд” бұқалары жеткізілді. “К-Agro” компаниясы жеткізген бұқалар алдағы уақытта ветеринариялық қызмет базасына енгізіліп, мал дәрігерлерінің қарауынан өтіп, мүйізді ірі қара өсіретін 7 шаруа қожалыққа таратылатын болады. Аталған бұқалар жергілікті шаруаларға арнайы келісімшарт негізінде бір жыл мерзімге тегін беріледі.
Бүгін ауданымызға ірі қараны жеткізген компания басшылығымен кездесіп, алда атқарылатын жұмыстар туралы пікір алмастық. Бүгінде әр ауылдық округтегі шаруалармен жұмыс жүргізіліп, жыл соңына дейін тағы да 30-35 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қараға тапсырыс берілді.

Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі