ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ҚЫРАҒЫ БОЛЫҢЫЗ

Жамбыл ауданының аумағында орналасқан су айдындарында ТЖ бөлімінің қызметкерлері аймақты полиция қызметкерлерімен бірлесіп адам өліміне жол бермеу мақсатында рейд жүргізді. Шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында демалушылармен әнгімелесу өткізіліп, шомылу ережелерін сақтау бойынша жадынамалар таратылды және суда орын алған оқиғалар туралы мысалылар келтірілді. 2019 жылы осы уақытқа дейін 2 қайғылы оқиға тіркелді (оның ішінде 1 бала).

Жамбыл аудандық Төтенше Жағдайлар Бөлімі