ШАШ ТҮСУІН ТОҚТАТАДЫ

Шашты да қорғау қажет. Әсіресе ерте түсуден. Ал шаштың түсуіне инфекциялық аурулар, жүйке бүлінуі, гормондық ауытқулар, ішкі ағза мүшелерінің қатерлі аурулары, жөнсіз диета ұстану, дұрыс тамақтанбау, шаш күтіміне мән бермеу, витмин жетіспеуі, кей дәрілерді жиі қолдану, сәуле өтуі, температураның жиі құбылуы, шампунь, базльзамдарды дұрыс қолданбау сияқты жайлар әсер етеді.
Негізі шаш түсуінің негізгі және дәл себебін дәрігерге тексеріліп, анықтап алу керек. Ал оны емдеуде мынадай халықтық тәсілдер оңды нәтиже береді:
ТҰЗ. Ірі тұздың 50 грамын ылғал шашқа жағу керек. 10 минут бойы тамырға сіңіріп, сосын жай сумен шаяды.
ҚАЛАҚАЙ. Қалақай сабағы мен жапырағынан дайындалған тұнбаны жағып, кейін сумен шаяды. Дайындалу әдісі: 100 грамм балғын, құрғақ қалақайға 1 литр су құйып, үстінен 0,5 литр уксус құяды да, баяу отта жарты сағат қайнатады. Дайын дәрмектің 2-3 стаканын шылапшындағы суға араластырып, басты жуады.
ОШАҒАН шөбі. Ошаған (репейный) майы әйелдерге жақсы көмектеседі. Екі ас қасығын 40 градусқа дейін қыздырады. Бір жұмыртқа сарысын ысытылған майға салады да, оған бір шай қасық бальзам қосып араластырады. Сосын шашқа, оның тамырына әбден жағып шығады. Бас киім киіп, үстінен сүлгімен жауып байлайды. 1,5-2 сағаттан соң жылы сумен, балалар шампунымен жуады. 5-15 мәрте осылай қайталаса шаш түсуін тоқтатады.
КАСТОР МАЙЫ. 1 флакон май, инесіз шприц, шомылғанда киетін бас киім, сүлгі, орамал керек. Кастор майын «су моншасында» қыздырады да, оны шприцке сорып, шаш түбіне мұқият жағады. Бас киімді киіп, үстінен сүлгімен орайды. 1 сағаттан соң басты майлы шашқа арналған шампуньмен жуады.
ТҮЙЕЖАПЫРАҚ тамыры. Ыдыстағы ұсақталған, кептірілген түйежапырақ (лопух) тамырының үстіне 1 стакан қайнаған су құяды. Баяу отта 10 минут тұрғасын суытып, сүзіп алады. Қайнатпаны жуылған шаш түбіне аптасына бір мәрте сіңіріп тұрады. Бұл әсіресе майлы собореяға қарсы жақсы нәтиже береді.
ПИЯЗ. Пиязды үккіштен өткізіп, дәкеден сүзіп өткізеді. Шырынын сығып алып, бас терісіне сіңіреді. Бас киім киіп, үстінен сүлгімен орап тастады. Бір сағаттан соң шашты жылы сумен шаю керек.
КЕЛІМДӘРІ. Оның ерітіндісіне үт өнімдерін, клсметикалық майлар, сары уыз немесе су қосып (1:5), осы қоспаны баста 2 сағат ұстау керек. Аптасына 1-2 мәрте қайталап, 3 ай бойы жалғастырады. Сосын шашты жуып тұрады.
ВИТАМИНДЕР. Күнделкті тамақ құрамында А витамині, В витаминдері, фолий қышқылы, С, Е, Ғ витаминдері болуын қадағалаңыз. Витамин-минерал кешендерін пайдаланып тұрыңыз.