Шаруашылық басшылары кездесті

Ауданымызға «Алель Агро» ЖШС-ң коммерциялық директоры Медведев Дмитрий Юрьевич келіп, шаруашылықтарға өзінің инвестициялық және коммерциялық ұсыныстарын білдірді.
Ең алдымен аудан әкімі Е.Есіркепов күтіп алып, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-ң және «Колос» ЖШС-ң өндіріс орындарымен таныстырып, шаруашылық басшыларымен кездестірді.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінде «Алель Агро» ЖШС-ның ұсынысына қызығушылық танытқан шаруашылық иелерімен кездесу өткізіліп, мал бордақылау, құс өсіру, құнарлы жем азығы бойынша пікірлер алмасты.

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі