«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы мен Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп «тегін сүндеттеу»  акциясын өткізді.

«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы мен Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп «тегін сүндеттеу» акциясын өткізді.

 

 

2019 жылдан бастап Қарағанды қаласында көп балалы отбасылардың балаларын тегін сүндеттеу акциясы қолға алынған. Жыл сайын тамыз айында, «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны мамандары көп балалы отбасылардың балаларын тегін сүндеттейді. Биыл 235 бала «мұсылман» болды. Бұл игі істен Қарқаралы мен Балқаш қаласының дәрігерлері де шет қалмады.

 

 

Үш жыл қатарынан ана мен бала денсаулығына байланысты барлық мәселеде қолдау көрсететін облыстық Денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Жиембаеваға, облыстық балалар клиникасының басшысы Арғын Ноянұлы бастаған Жанат Қуандықұлы, тағы басқа ақ халатты жандарға алғыс айтамыз.

 

Жомарт Шаймұрат