ШАЛҒАЙ АУЫЛДАҒЫ ІССАПАРЫМ

ТӨМЕНГІ ШУ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ.
Жексенбі күні жұмыс сапарымен аудан орталығынан 300 шақырымда орналасқан Қамқалы ауылдық округінде болдым.
Онда Қамқалы Жайлаукөл елдімекендері арасындағы жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасымен таныстым.
Содан соң дәстүрлі білім алып жатқан Жайлаукөл орта мектебінде болып, білім ошағының жай-күйін көрдім.
109 бала білім алып жатқан шалғай ауылдағы мектептің қысқы жылыту маусымындағы жұмысын қарап, мектеп директоры Айдос Билібаевқа тиісті тапсырмалар бердім.
Осы сапар барысында өзекті мәселер бойынша «Сапсан жедел қызметі» және Андасай орман және жануарлар дүниесін қорғау мамандарының аудан көлеміндегі іс-сапар жұмыстарымен таныстым.
Сонымен қатар Жайлаукөл ауылынан 11 шақырым қашықтықта орналасқан «Миллениум Сокол агенттігі» ЖШС жұмысымен танысып, агенттіктің жұмысын жандандыру мақсатында ЖШС-гі басшысымен тілдестім.
Сондай-ақ, тұз өндірумен айналысатын жеке кәсіпкер М.Жусанбаевтың кен орынында болдым. Оннан астам ауылдың тұрғынын жұмыспен қамтып отырған бұл тұз кені жалғыз емес. Өйткені осындай кен орындары Ғ.Түсіпбеков жеке кәсіпкердің, «Геолог» ЖШС-і директоры Н.Айдынбеков кен орындары да тұз өндіруде.
Өндіріліп жатқан тұз өнімдері шикізат ретінде қазақ, қырғыз жерінің аймақтарына да өткерілуде.
Қамқалы ауылындағы Т.Әубәкіров атындағы мектепке алғаш рет осы жылдың шілде айында барғанымда осы мектептің спорт залының еденін ауыстыру жөнінде тапсырма берген болатынмын. Осы жолы барғанда сол тапсырманың мүлткісіз орындалғанын көрдім.
Сапар барысында Қамқалы ауылдық округінің әкімі Мақсат Төлеутай округтің бүгінгі ахуалын баяндады.
Бір кездері елі үдере көшіп, орталыққа қарай ағылған ауылдың бүгінде ахуалы жақсарып, елі тұрақтанып келеді екен.
Округке қарасты Қамқалы, Шығанақ, Жайлаукөл елді мекендерінде мыңға жуық халық тұрады.
Олардың басым бөлігі жұмыспен қамтылған. Демографиялық ахуал жылдан жылға артуда. Әр елді мекен мектеп, кітапхана, медициналық пункттермен, клуб үйлерімен қамтылған.
Ауылда байланыс жүйесі орнатылған. Ауыл әкімдігі мен білім ошақтары мен медициналық пункттерде интернет желісі қосылған.
Мектептерде жас мамандармен қамтылып, ауылдың болашағы жыл өткен сайын жақсарып, айқындала түсуде.
Осы және өзге де өзекті мәселелерді ортаға сала отырып, округ басшысының ұсыныстарын тыңдап, алдағы жоспарлармен бөлістік.