ШАХМАТ ТУРНИРІ

Жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына, 6 шілде — Астана күніне орай және Балалар жылына арналған жасөспiрiмдер арасында стандартты (классикалық) шахмат бойынша Жамбыл облысының Кубогы өтуде.
Айтулы жарысты Жуалы аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы ұйымдастыруда.

Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдер арасында шахмат ойынын дамыту, бұқаралық спортты дамыту және оларды жүйелi түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, жасөспiрiмдер арасында Достық қатынасты нығайту, жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуын, 6 шілде — Астана күнін және Балалар жылын спорт арқылы атап өту.

Іс-шараға Жамбыл облысы Шахмат федерациясының президенті Утеулиев Әлібек Кеулімжанұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының әдіскері Әуесханов Нұрлан Сырғабайұлы, Жуалы аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының директоры Баетов Жандос Рысбекұлы және аудандардан келген 150 жас спортшы қатысты.

Алдымен аталған іс-шараның ашылу салтанаты өтіп, онда Жуалы аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының директоры Баетов Жандос Рысбекұлы, Жамбыл облысы Шахмат федерациясының президенті Утеулиев Әлібек Кеулімжанұлы құттықтау сөз сөйлеп, өткізіліп жатқан жарыстың маңыздылығына тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, жарыс төрешісі Адибаев Жандос Махмудұлы жарыс ережесімен таныстырып шықты.

Жарыс басталып кетті.

Айта кету керек, шахмат жарысы швейцар жүйесі бойынша өтеді. 6 шілде күні басталған жарыс, шілденің 10 жұлдызына дейін жалғаспақ.

Жарыс женiмпаздары мен жүлдегерлері дипломдар және медальдармен марапатталады.

Жуалы ауданы