«Шахан—Сарыкемер—Тараз»,«Көкөзек—Сарыкемер—Тараз» бағыты іске қосылды

Қоғам бар жерде көлік мәселесінің туындауы таңсық емес. Соңғы жылдары аудандағы тұрғындар саны артқаны да белгілі. Адам саны мен тұрғын жайдың көбейгені сол қоғамдық көлікке деген сұраныс бұрынғыдан да арта түсті.
Осы мақсатта, аудан аумағындағы шалғай елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады. Яғни,«Шахан—Сарыкемер—Тараз»,«Көкөзек—Сарыкемер—Тараз» бағыты іске қосылды.
Үстіміздегі жылғы қазан айының алғашқы күндерінен бастап ауыл тұрғындарына қызмет ете бастаған қоғамдық көліктің қызметін пайдаланған тұрғындар дән риза.
Жаңа автобустар алдағы уақытта кемшіліксіз жұмыс істеп, тұрақты тұтынушыларын табары сөзсіз.

Байзақ ауданы әкімдігі