Шәкен Ниязбеков: Мемлекеттік ту ел халқына тиесілі

✅Бүгін – Мемлекеттік Тудың авторы, Қазақстандағы дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның өнер қайраткері, суретші Шәкен Ниязбековтың туған күні.
✅Шәкен Ниязбеков – 1938 жылы Жамбыл өңірінде дүниеге келген. Ол мектептен кейін Ленинградтың В. И. Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесіне түсіп, Эрмитаж, Исаак соборы және Петр сарайын қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан. Қазақстанға оралған соң Алматы қаласының бас суретшісі болып жұмыс істеді. Шәкен Оңласынұлы кешегі кеңестік кезеңде әйгілі «Волга» жеңіл автокөлігін құрастырған бес инженердің бірі екенін екінің бірі біле бермес.
✅Суретші жылдар бойы көптеген конкурстарға қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атанды. 1961 жылы «Глобус» теледидарының дизайны үшін Чехословакияда алтын медаль жеңіп алған. 1964 жылы – Ленинградта өткен «Бейбітшілікті қолдаймыз!» атты плакаттар жарысында бірінші орын иегері, 1967 жылы – Монреаль қаласында «ЭКСПО-1967» қатысушысы, 1982 жылы – Алматы қаласындағы Республика алаңын көркем безендіру байқауының бірінші орын иегері атанған.
✅«Мемлекеттік ту ел халқына тиесілі. Жеңімпаздың құрметіне Ту көтеріліп жатқанда және елінің Әнұраны ойнаған сәт – бүкіл халықтың жеңісін білдіреді. Менің Мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасым таза адами көзқарас, олар менің бойымда терең құрмет пен мақтаныш сезімін тудырады. Мен Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін жасауға атсалысқанымды мақтан етемін!
✅Ең алдымен, әлемдегі туларды зерделедім, өйткені қайталанбас өзіндік нұсқа қажет болды. Басқа үміткерлер туларын үш түсті, қызыл, сары, тіпті қоңыр түсті қылса да, мен көгілдір түске тоқтадым – өйткені көпұлтты халық мекендейтін Қазақстан аспаны бөлінбейді», – деп жазды
✅Шәкен Ниязбеков өз естеліктерінде. Шәкен Ниязбеков Қазақстанның Көк байрағын жасау үшін жарты жыл еңбек еткен.

Ruh.kz
#шәкенниязбеков