Сенбілік жұмысына барлығыңызды шақырамыз.

Бүгін ауданда абаттандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы аясында сенбілік өтті.
Сенбілікке мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, тұрғындар атсалысып, арнайы бекітілген аймақтар тазаланды. Мәселен, Жанатас қаласындағы тазалық жұмысына 38 мекеме, 465 адам қатысып, шығарылған қоқыс — 3,6 тонна, тазаланған латок — 390 метр болды.
Құрметті аудан тұрғындары! Сенбілік жұмысына барлығыңызды шақырамыз.

Сарысу ауданы әкімдігі