Сенбілік — тазалық кепілі

Сенбілік — тазалық кепілі. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Олар сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілікті нығайтады.
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында, аудан тұрғындары Сарыкемер ауылын жағалай өтетін «Талас» өзеніне тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында өзен жағалауы ретке келтіріліп, ондағы қоқыстар шығарылды.
Тазалығымен ерекшеленген қандайда бір көрініс жанға жылу берері анық. Жанымызға рахат, көңілімізге шаттық сыйлайтын тазалақ шараларына алдағы уақытта да белсене қатыссақ нұр үстіне нұр болар еді. Ауылымызды гүлдендіріп, көшелерімізді көркейтеміз десек санитарлық тазалықты өзімізден бастағанымыз жөн болар. Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!