Сен қазақ әйелсің!

—         Жас келіндер қара шаңырақтың немесе ақсақалы бар үйдің төріне шықпайды.

—         Әйел адам орындықта отырғанда аяғын айқастырмайды.

—         Әйел адам көп алдында керілмейді.

—         Бұрынғы кезде жас келіндер таңертең ерте тұрып, ауылдағы үлкен үйлердің түндігін ашқан.

—         Келіндер келін болып түскен жердегі адамдардың атын атамайды.

—         Қайнылары мен қайын сіңлілеріне өзі жеке ат қояды.

—         Халық дәстүрінде ер адам шашын өсірмейді, әйел шашын қимайды.

—         Жүкті әйелге күлу – әдепсіздік.

—         Аса бір тығыз шаруасы болмаса әйелдер отырған жерге ерлер, ерлер отырған жерге әйелдер кірмейді.

—         Қазақ дәстүрінде туыстығы жоқ ер мен әйел оңаша отырмайды.

—         Келіндер қайын жұртының үлкен адамдарына иіліп сәлем жасаған.

—         Бала ата-ананың, келін ененің сөзін екі етпейді.

—         Қазақ әйелдері еркектер отырған жаққа көз салмайды.

—         Әйелдер жолаушының, еркектің алдын кесіп өтпейді.

—         Қазақ әйелдері кісіге қарсы қарап отырмай, бір қырындап отырған.

—         Қазақ әйелдері күйеуінің атын атамаған және оның айтқандарын мүлтіксіз орындап, бетіне қарсы келмеген.

—         Қызы босанғанда шешесі кәдесін алып баруға міндетті.

—         Қазақ әдетінде әйел мал бауыздамайды. Қиын жағдайда кішкентай да болса еркек баланың қолына пышақты ұстатып бауыздайды.

—         Әйел дұғаны ішінен оқиды.

—         Ақсақал, ата-ене, қайнаға алдында келін дауыс көтеріп сөйлемейді.

—         Әйел ерте тұрады.

—         Әйелге ер адам атқаратын міндеттер жүктелмейді.

—         Әйел адам кісі бетіне, әсіресе бейтаныс адамға бажырайып қарай бермейді.

—         Жүкті әйел ауыр көтермейді.

—         Тұрмысқа шыққан әйел жалаңбас жүрмейді.

—         Бала емізіп отырған әйел, омырауын басқаға көрсетпейді.

 

Дереккөз: Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті

Гүлшат Сейітмағанбетованың Фейсбук парақшасынан