СЕМИНАР

Бүгінде, өскелең ұрпақтың санасын жаңғыртудың ең басты жолы ол — ұлттық патриотизмді қалыптастырып, азаматтық жауапкершілік пен қоғамның рухани бірлігін нығайту.
Бұл ретте жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, рәміздердің әрбір бөлшегіндегі ұлттық символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілерді ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін насихаттау да аса маңызды.
Жақында аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында мемлекеттік рәміздерді орналастыру және оларды пайдалану тәртібін түсіндіру мақсатында әдістемелік семинар өтті.
Семинарды аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекова ашып, жүргізді.
Семинарға аудандағы мекеме және кәсіпорындардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім беру мекемелерінің мемлекеттік рәміздерге жауапты қызметкерлері және жастар өкілдері қатысты.
Семинар кеңеске Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Қашқынбек Шынар Қайратқызы арнайы қатысып, мемлекеттік рәміздерді заңнамаға сәйкес дұрыс пайдалану, орналастыру және оларды қолданудың тәртібі мен талабын кеңінен түсіндірді.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылды. Жиналғандар көкейде жүрген сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі