Сейілбек атаның құрметіне орнатылған белгі қайта жаңғыртылды

Талас ауданы, Ойық ауылдық округіне қарасты Сейілбек ауылына кіре-берісте Сейілбек атаның құрметіне ұрпақтары жаңа белгі орнатты.

Белгінің ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларынан арнайы келген Сейілбек атаның туған-туыстарынан бөлек, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, аудан әкімінің орынбасары Медет Үрістенов, Ойық, Бостандық ауылдарынан ауыл ақсақалдары қатысты.
Жиын соңында Бөлтірік шешен кесенесінің басында Сейілбек атаның құрметіне арнап, ас беріліп, құран бағышталды.

Талас ауданы