Сегіз қоғамдық кеңес құрылды

Бүгін «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының төрағасы Шыныбеков Абат Абайұлының төрағалығымен Саяси кеңес бюросы өтті.
Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы партияның Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту және филиалдың кезекті ХХІХ есеп беру сайлау конференциясын шақыру, сондай-ақ БПҰ-ның есеп беру сайлау кестесін бекіту мәселелері қаралды.
Бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенесары Нұршинов баяндама жасап, қала бойынша 56 бастауыш партия ұйымдарының есептік жиналыстары 19-23 сәуір аралығында онлайн форматта өтетінін айтып өтті. Ал филиалдың есептік конференциясын осы айдың 29-ында онлайн форматта өткізуге Бюро мүшелері бір ауыздан қолдау білдірді.

 

Екінші мәселе бойынша партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша 8 қоғамдық кеңес құрылды. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңес, Партиялық бақылау комиссиясы, Ұлт денсаулығын дамыту, білім және ғылым, Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау, Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйел және балалардың құқықтарын қорғау, Өңірлік даму жөніндегі, Экологиялық және жастарды қолдау жөніндегі кеңестер.
Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелері таныстырылып, қаулы қабылданып бекітілді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА
Батыс Қазақстан облысы