САЯСИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Бүгін 25 шілде Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде.

Елорда уақытымен сағат 07:00де басталған ауыл әкімдерінің сайлауы Т.Рысқұлов ауданындағы Абай, Тереңөзек, Жаңатұрмыс, Қорағаты, Қарақыстақ, Ақыртөбе, Қайыңды  және Өрнек ауылдық округтерінде 16 сайлау учаскесі сайлаушыларға есіктерін айқара ашты. Осылайша, ауданда 8 ауылдық округтің әкімі сайланбақ.

Ауыл тұрғындары бұл саяси науқанға белсене қатысып, өз таңдауларын жасауда. Мысалға, Қарақыстақ ауылының тұрғыны, кәмелет жасқа биыл қадам басқан Мейрамұрат Шәкәрім Әбдімәлікұлы алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауында №349 сайлау учаскесіне барып, өз дауысын берді.

 

 

Ел тарихында алғаш рет өтіп жатқан ауыл әкімдерінің жаңа форматтағы сайлауына Абай ауылдық округіндегі №346 сайлау учаскесінде комиссия төрағасы, ардагер Секербеков Рысбек және өзге ұлт өкілі Бекпанова Нагима өз таңдауын жасаса,. Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны, 98 жастағы  Ұлы Отан соғысының ардагері Шаңбаев Шалданбай таңдауын жасап, дауыс да, батасын да берді. Ұйымдастырушылар тарапынан сайлау учаскесіне ең бірінші келіп дауыс бергендерге, тұңғыш рет таңдау жасағандарға, сайлау күні туғандарға және жасы ең үлкен сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Көптен күткен еліміздегі саяси дода, жаһанданудың жаңа жолына жеткізер ауыл әкімдерінің сайлауында Т.Рысқұлов ауданында әр ауылдық округтен 3 кандидаттан, жалпы 24 кандидат бақ сынауда. Оның 9-ы өзін өзі ұсыну жолымен, 7 кандидат «Нұр Отан» партиясынан ұсынылса, 8 кандидат «Ақ жол» партиясынан ұсынылған.

Барлық 16 сайлау учаскесінде  санитарлық талаптар мұқият сақталған. Сайлау учаскесі толықтай жеке қорғаныш заттарымен, антисептик, пирометрмен қамтылған. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, әрбір дауыс берушінің дене қызуын өлшеу, медициналық маска және қолғаптың болуы тексерілуде. Санитарлық талаптарға сай комиссия мүшелері арақашықты сақтап, медициналық қорғаныс киімдерімен қамтамасыз етілген.

 

 

Тарихы қашалып жазылған тасына темір біткен – Ұлы даланың төсіндегі тұлпарларының тізгінің ұстар азаматтар әр істе тағаға қағылар шегедей берік бастамаларды жасауға мүмкіндігі мол.

Бұған дейін ауыл әкімдері жанама дауыс беру арқылы, яғни жергілікті мәслихат депутаттарының шешімі арқылы сайланып келс, бұл жолы жұрт болып жұмылып дауыс берген ауыл әкімдерінің сайлауы жоғары деңгейде өтуде.

Т.Рысқұлов ауданында сайлау өтіп жатқан 8 ауылдық округте 12866 дауыс берушілер бар.

Бұл сайлау науқанына 60 сенімді өкіл тіркелген. 92 учаскелік және 7 аудандық сайлау комиссия мүшелері бар. Олардың барлығы толығымен вакцинадан өткен және ПТР-тест тапсырған.

Сонымен қатар, ауданның «Партиялық емес бақылау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің тәуелсіз байқаушылары да сайлау барысын қалт жібермей қадағалап отыр. Еркін қазақ елі еңсесін тіктегелі алғаш рет халықтың тікелей дауыс беруімен сайланатын ауыл әкімдері ауылдың жағдайын жақсарту жолында еңбек етіп,  ауыл әкімдерін тікелей сайлау саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айғақтайтын өте маңызды оқиға.