Саян Хамитжанов: «Алғашқы жеңісіміз қазақ футболының тарихына енеді!»

«Астана» футбол колубының кешегі жеңісі қазақ футболы тарихының төрінен орын алмақ. Бұл ойымызды толық құптайтын клубтың Бас менеджері Саян Хамитжанов өткен ойын туралы ойын білдірген болатын.

С.Хамитжанов: «Астана» футбол клубы әкімшілігінің атынан барша жанкүйерлерді құттықтаймын! Бұл жеңістің бәсі бәрінен жоғары. Осыған дейін әлі бірде-бір Отандық клубқа еврокубоктардың топтық кезеңінде жеңіске жету бағы бұйырмаған болатын. Қарағандының «Шаxтёры» да бұл биікке көтеріле алмап еді. Біз де бұған дейінгі топтық кездесулерде жеңістің тәтті дәмін сезе алмай келдік. Сондықтан бұл жеңісіміз отандық спорт тариxына енеді. Жеңіссіз дәстүрге нүкте қойылды! Бізге де маусымның үйде өтетін соңғы ойынын жоғары деңгейде өткізу аса маңызды болды, өйткені, бұл маусым — біздің клубтық тариxымыздағы ең жақсы маусым.

_nik8905

— Жеңіліп жатып, жеңісті жұлып кетуімізді немен байланыстыруға болады?

— Ойыншылардың ерік-жігері мен бапкерлер штабының дұрыс таңдалған тактикасының арқасында деп ойлаймын. Әрине, көпшілікте ойнадық, бұны да айту керек. Көрдіңіздер, екінші таймда толығымен басым түстік, қарсылас қақпасынан саңылау табатын көптеген сәттер болды.

— Команданы жеңіске ынталандыруда жанкүйерлер үлесі қаншалықты?

— Иә, біздің жанкүйерлер жарады. Команда атынан аязды түнде уақыт тауып келіп қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын! Барынша қолдап-қуаттады. Трибуналар бізді алға қарай бастай берді, біз де оны аяқ асты ете алмас едік.

                                                                          _nik8843   _nik8425

— Еврокубоктардың көктемгі кезеңіне шығуға әлі де мүмкіндік бар екеніне сенесіз бе?

— Мүмкіндік барда, күресе береміз. Өкінішке қарай, барлығы біздің қолда емес. Оқиғалар біздің пайдамызға қарай дамиды деп үміттенеміз. Ал біз Швейцарияға тек жеңіс үшін барамыз. Біз жанкүйерлерімізді ең жоғары нәтижелерге үйретіп алдық, әрі біз үшін «Астана» жас болса да Қазақстан футболының ту ұстарына айналғаны, елімізді ең беделді xалықаралық турнирлерде танытып жатқаны үлкен абырой.

_nik8190

P.S.  Кешегі ойынның ізін суытпай өткен баспасөз маслихатында «АПОЭЛ»-дің қос азаматтығы бар бас бапкері Томас Кристиансен шәкірттенірің психологиялық жағынан әлсіздік танытуы әрі бір ойыншының аздығы жеңілісімізге себеп болды деген болатын. Десе де, сырт алаңда жеңілген Кипрдің 25 дүркін чемпиондарының ұпайы түгел. Алдағы айда «Олимпиакосты» қабылдайтын олар жеңілген күннің өзінде Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шығады. Ал, еліміздің биылғы чемпиондары әрі Қазақстан кубогін жеңіп алған «Астана» командасы Швейцарияның бас қаласы Бернға қонаққа барады. Әзірге 5 ұпаймен турнир кестесінде тең тұрған «Янг Бойз» бен «Астана» өзара мықтыны 8 желтоқсан күні анықтайтын болады.

Дайындаған «ЕлАна»

Суреттер fca.kz сайтынан алынды