Сауапты іс атқарылды
Бүгін «ELGE QYZMET» қоғамдық қайырымдылық қоры мен «QARATAU» қайырымдылық қоры бірлесіп, Талас ауданы, Қаратау қаласының тұрғыны, 6 баланың анасы, жалғызбасты Батима Қаңтарбаеваға жалпы құны 3,9 млн. теңгеге 4 бөлмелі пәтердің кілті табыстады.



