Сәтбаев қаласында Төлек батырға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Төлек батыр ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.

 

 

Тәуелсіздік даңғылы мен Ерден көшесінің қиылысында өткен іс-шараға қаламызға келген құрметті қонақтар, қала жұртшылығы және батырдың ұрпақтары қатысты.

 

 

Салтанатты іс-шараға қала әкімі Асқар Ыдырысов, көршілес Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров, Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев, құрметті қонақ ретінде Жүрсін Ерман мен Аманжол Әлтай шақырылды.

 

Жомарт Шаймұрат