“Сәт сапар саған, жас түлек”

2022 жылдың 29 маусымында “Сәт сапар саған, жас түлек” атты Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің бітіруші түлектерінің салтанатты кешіне аудан әкімі Қанатбек Қайшыбекұлымен бірге қатысып, ақ тілек құттықтау сөзімді арнадым.

✏️✏️✏️Бүгінгі күн – ерекше күн. Кешегі балғындарымыз азамат болып, үлкен өмірге қанат қаққалы отыр. Олар – халқымыздың арманын асқақтатып, сара жолын жалғауға дайын. Қуаныштарыңыз құтты болсын!
Еліміздің ертеңгі сенімі сіздерсіздер – жас түлек. Ендеше бітіруші түлектерге айтылар тілек те, артылар сенім де, қойылар талап та жетерлік.
Болашақ мамандарды дайындау, кәсіби белсенділігін қалыптастыру мәселесі – кезек күттірмейтін қоғам талабы.
Жалынды жас үшін асу асып, өткелдерден өту қиын болмас. Ең бастысы, биік мақсат, мәртебелі мүдде болғай! Баршаңызды бүгінгі мерекемен тағы да құттықтаймын!!
Кадирбек Садубаев