САРЫСУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР «БАЙТҰРСЫНОВ БАЙҚАУЫНЫҢ» БАС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

Бүгін облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен «А.Байтұрсынұлы оқулары – 2022» байқауында Сарысулық оқушылар топ жарып, бас жүлдеге қол жеткізді.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, қайраткердің ағартушылық бағыттағы шығармашылық мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында өткен байқауға Тараз қаласы мен барлық ауданнан бір-бір команда қатысты.

Екі кезеңнен тұрған өнер сайысында оқ бойы озық шыққан ауданымыздың С.Сейфуллин атындағы орта мектеп оқушылары қазылар алқасының шешімімен жүзден жүйрік деп табылды.

Айта кетейік, облыста топ жарған команда аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған іріктеу кезеңінде тікелей жолдама алған болатын.

☑️Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі