САРЫСУЛЫҚ ЖАСТАР АҚ БАТАҒА КЕНЕЛУДЕ

Сарысу ауданында қалың қар түсті. Қар тазалау әсіресе жалғызілікті, мүгедектігі бар қарияларды әбігерге салатыны анық. Осы ретте Сарысу аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» еріктілері қала және ауылдық округтердегі қарттардың ауласын тазалауға қол ұшын созды.
Мектеп оқушыларынан бастап жасы ересек азаматтарға дейінгі еріктілер ауылдардағы ардагерлерге, зейнет жасындағы және жалғызбасты қарттар мен аналарға қолдан келген көмектерін ұсынды.
Сарысудың жігерлі жастары жалғызбасты ананың ауласын қардан тазалап, отын-суы мен үй шаруашылық жұмыстарына жәрдем етіп батасын алды.
Дәл осындай қайырымдылық шарасы Сарысудың барлық ауылдарында да жалғасын тапты.
Игі істен бұл жолы да жастарқалыс қалмады.
Қариялар үйлеріне көмекке келген жастарға ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды.
Жастардың мақсаты — азаматтарды сауапты істерге тарта отырып, ізгілікті насихаттау.
Асылжан Пазылбеков, Сарысу ауданы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры