Сарысулық аналар алтын және күміс алқамен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 20 маусымдағы №934 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік награда аудандағы 9 анаға салтанатты түрде табысталды.

Олардың қатарында Жайылма ауылының тұрғыны Нағима Манашқызы алтын алқа тағынса, қалған 8 анамыз күміс алқаға ие болды.

Мемлекеттік награданы аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің өзі табыстап, алтын құрсақты аналарға алғысын білдірді.

Айта кету керек, бұған дейін ауданда «алтын құрсақты» аналар саны – 1553 құраса, оның ішінде «Алтын алқа» — 655, «Күміс алқа» — 898, ал батыр аналар саны 134-ке жеткен. Енді бұл сандардың қатары 9 анамен толығып отыр.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі