САРЫСУДАҒЫ САЛТАНАТ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҰСТАНА ОТЫРЫП ӨТТІ

Көктемнің алғашқы күндерімен бірге келген әз-Наурыз мерекесі Сарысу ауданында салтанатты түрде мерекеленіп өтті.

Аудандық мәдениет үйінде өткен үлкен мерекелік іс-шараға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, ізгі тілек ниетін білдірді.

 

 

Аудандық этно бірлестік мүшелері мен ауыл қариялары, тұрғындар қатысқан мерекеде мәдениет үйінің өнерпаздары өнерлерін ортаға салды.

 

 

Сахналандырылған көрініс қойған өнерпаздар көрермен қауымның қошетеміне бөленді.

Киіз үйлер тігіліп, санитарлық талаптарға сай наурыз көже таратылды.