Сарысудағы эпидемиологиялық ахуал

Аудандық ахуал бойынша жыл басынан коронавирустық инфекция – 118, коронавирустық пневмония — 42 адамнан анықталған. Бұл туралы онлайн сұхбат барысында Сарысу аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Айдана Қайрбекқызы мәлімдеді.
Өңірде ерікті түрде вакцина салдыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, ревакцинациялау жоспары бойынша 84,8% орындалған.
‍⚕️ Маманның айтуынша ауруханалар барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, сонымен қатар медициналық қызметкерлердің құрамы да жеткілікті.
Сондай-ақ Айдана Қайрбекқызы коронавирустық инфекцияның негізгі белгілері мен алдын алу шаралары, инкубациялық кезең, симтомды және симптомсыз аурулардың айырмашылығын атап өтті.
Аудандағы тұрақты жағдай аурудың мүлдем жойылып кеткендігін білдірмейді. Керісінше алдын алып, дер кезінде емдеу жұмыстары тағайындалса, бұл көрсеткіштердің көбеймесі анық.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі