САРЫСУДА ЖАҢА ДӘРІХАНА

Дертке дауа іздесек алдымен дәріге жүгінеміз.

Өйткені, тірі адам тіршілікте ауырмай тұрмайтындықтан, дәрінің тұтынушысы азаймасы белгілі.

Сондықтан, осы кәсіпті дөңгелетуге кез-келген кәсіпкер атсалысуға болады.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерекесі аясында, бас қаламыздың туған күнімен бірге Жаңатас қаласының Дегерез елді мекенінен жаңа «Дәріхана» ғимараты салтанатты түрде ашылды.

 

 

Сарысу ауданының әкімі Марат Қырғызәліұлы Сұлтанғалиев халық сұранысына ие дәріхананың ашылуы – аудан тұрғындары үшін қуанышты жәйт екендігін атап өтіп, «халықтың саулығы мемлекеттің байлығы, қашанда салауатты сау болайық, дәріхана жұмысына тек сәттілік тілеймін» – деп, ізгі тілегін төмендегіше жеткізді.

— Жаңа дәріханамыз құтты болсын!

Сіздердің денсаулықтарыңызды жақсартуға қызмет ете берсін!

«Дені саудың – тәні сау» демекші, денсаулықтарыңыз мықты, көңілдеріңіз шаттықта болсын!,-деді.

Қуанышты сәтте Қаби Смайлов қария құттықтау сөз сөйлеп, алқызыл лентаны Оралбек Нұрбековпен аудан әкімі кесті.

«Кәсіп болмай, нәсіп болмас» демекші, әр кәсіпкер өз ісін бастайтын уақытта оның тұтынушылар үшін қаншалықты қажет екенін ойлағаны тиімді.

Ең бастысы, қолға алған кәсібің көпшіліктің сұранысын қанағаттандыруы керек.

Ия, расында аудан халқының әлеуметтік игілігі үшін, тұрмыстық ахуалдарының жақсаруы үшін көптеген нысандар ашылып, көпшіліктің көзайымына айналуда.

Бүгінгі Дегерездегі дәріхананың құрылысы 2018 жылы басталып 2021 жылы аяқталып отыр.

Дәріхананы «Қайыс» ЖШС директоры Сейтбаев Орка Кайысбайұлы ашуда.

Бүгінде 3 жұмысшы тіркеліп жұмыс жасауда. Алдағы уақытта 5 жұмысшы алу жоспарында бар.

Сондай-ақ, «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» демекші, ауыл жұртшылығы аудан орталығына сабылмай-ақ, іздегенін өз ауылдарынан табатындай жағдайға жету үшін қызмет етеміз.

Тұрғындардың сұранысына, қажеттілігіне қарай жұмыс жасау да маңызды.

Қазақ халқы бір-бірімен саулық сұрасқанда ең алдымен «Мал-жан аман ба?» дейді.

Осыдан кейін ата-бабамыздың сонау заманнан бері шаруашылыққа жақын болғаны анық байқауға болатындай.

Осы орайда, елді мекендегі тұрғындардың дені төрт-түлік ұстап, оны негізгі күнкөріс көзіне айналдырып отыр.

‼️ Кейде бағып отырған төрт-түлік ауруға шалдығып, оларға да дәрі-дәрмек қажет болып жатады.

Мұны да ескерген аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев күн тәртібінен осы жәйтті түсірген емес.

Барынша мүмкіндік жасау үшін, жан-жақты амалдарын да қарастыруда екендігін айта кеткен жөн болар.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы