САРЫСУДА ТҮНГІ РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сарысу ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің бірлескен жоспарына сәйкес, ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері мен полиция қызметкерлері аудан көлемінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, кәмелеттік жасқа толмағандарды жұмысқа тарту және түнгі уақытта ата-анасының қадағалауынсыз жүрген жастарға кеңес беру мақсатында түнгі рейдтік жұмыстарын жүргізді.
Қала, ауылдық округтердегі жастар көп шоғырланатын үлкен көшелер, кафелер, дүкендерге түсіндірме жұмыстарын жасап, мереке күндері рейдтік шараның күшейтілетіні ескертілді.