Сарысуда кіші футболдан ауыспалы кубок жарысы өтті

Бүгін спорт кешенінде аудан азаматтарының қатысуымен «Біз діни эктремизм мен терроризмге қарсымыз» атты кіші футболдан ауыспалы кубок жарысы өтті.

Ұйымдастырушылар қатысушы командаларға сәттілік тілеп, аудан тұрғындары арасында өтіп жатқан әр спорт түрінің негізгі мақсаты —салауатты өмір салтын насихаттау болып табылатынын жеткізді.
Жарысты аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы қорытындылап, үздіктерді марапаттады.

1-ші орынды «Түлектер» құрамасы, 2-ші орынды «Еурохим», 3-ші орынды Халыққа қызмет көрсету орталығының командалары иеленді.
«Үздік қақпашы» —Дүйсебаев Нұрлан, «Үздік қорғаушы»—Баянбекұлы Нұрсұлтан, «Үздік шабуылшы» —Мұстафаев Нияз, «Үздік ойыншы» болып Құлмағанбет Еркебұлан танылды.

Сарысу ауданы әкімдігі