Сарысуда электр бағаналары жаңартылуда

Қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің тың игеру тақырыбына қалам тербеген ерекше бір дүниесі – «Түркістан солай туған» очеркі.
Заңғар жазушы очеркіне арқау еткен қасиетті, тарихы мол Қаратаудың қойнауында жатқан Көкжон өлкесі жанға да, малға да жайлы, жері құнарлы, нені ексең содан мол өнім беретін табиғаты бай, көрікті де шырайлы аймақ.

Осы шырайлы аймақтың қысы қатты, табиғаты ерекше екенін аудандықтар жақсы біледі. Қатты жел, боран тұрып, қыста адам аяғы басқысыз ақ боранға ұласатын бұл өлкенің басты мәселесінің бірі электр жарығының жиі өшуі еді.
Округке қарасты Ә.Бүркітбаев, Үшбас, Арыстанды елді-мекендерінің тұрғындары аудан әкімінен осы мәселенің шешімін тауып беруді сұранған болатын.


Бұл мәселе бүгінгі таңда өз нәтижесін беруде. «Жамбыл жарық сауда» ЖШС-гі Сарысу аудандық электр желілері мекемесі жоғары кернеулі желі тіреулері мен электр бағаналарын толық жаңартуда.
Үш елді мекендегі жаңғырту жұмыстары сәуір айынан бастап жүргізілуде.
Ауыл тұрғындары өтініштің ескеріліп, оң шешілгені үшін қуанышты.

Жанысбек Байысбекұлы, Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы