Сарысуда аналар мейрамы тойлануда

Әсемдік пен әдеміліктің, сұлулықтың символы көктемнің ең әсем мерекесі — 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне ауданда іс-шаралар басталуда.

Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтың қатысуымен Саудакент ауылынан шыққан бүгінде әр саланың тізгінін ұстап, отбасы мен Отанның түтіні түзу шығу жолында еңбек етіп жүрген аяулы жандардың басын қосқан «Ананың жүрегі — әлемнің тірегі» атты форум өтті. Форумды аудан әкімі ашып, «Қазіргі қоғамымызда да әйел адамдардың орны орасан зор.

Әйел адамдарды басшы тұлғалар қатарынан, бизнесте, экономикада, саясатта басқа да кәсіп салаларында кездестіреміз. Әйел әсемдік пен әдеміліктің, көрегендік пен көркемдіктің, береке мен бірліктің символы болып табылады», — деп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Келесі шара Жаңаарық ауылында «Инабатты келін» аудандық байқауымен жалғасты. Шараны аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазіргі жас келіндер арасына ежелден ұмыт болған ата-дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, қазақ келінінің бойынан табылуы керек игі қасиеттерді қайта жандандыру мақсатында өткен шарада 7 келін бақ сынасып, ауылдар арасындағы достықты нығайтты.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі