Сарысу аудандық орталық ауруханасында«DENT HOUSE» стоматологиялық кабинеті ашылды

Сарысу аудандық орталық ауруханасында нақтырақ айтқанда клиникалық диагностикалық орталықта «DENT HOUSE» стоматологиялық кабинеті ашылды.

Ашылу салтанатына жергілікті тұрғындармен қатар «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының эксперті А.Тоқтарбеков, маслихат депутаты Лаура Нұрмаханова және де ауыл ақсақалдары қатысты.

Мұнда медициналық қызмет көрсетудің еуропалық озық үлгілері топтастырылып, жоғары білікті үздік мамандар қызмет етеді. Келушілердің көңілінен шыққаны – осында заманауи медицинаның озық құрал-жабдықтарымен тіс емдеудің, салудың, протездеудің барлық түрлері қолға алынған.

Ең бастысы – 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, 1,2,3 топтағы мүгедектер, көп балалы аналар «Алтын және Күміс» алқа иегері, атаулы әлеуметтік көмек алатындар тіс емдеу кабинетінен тегін көмек ала алады.

Сондай-ақ, ақылы қызмет көрсету түрлері де бар. Атап айтқанда тісті реставрациялау, протездеу, тістердің имплантациясы, брекет-жүйесі бойынша қызмет көрсетеді.

Халықтың әлеуметтік тобына қарай арнайы қарастырылған жеңілдіктер де бар.

Сонымен бірге, аталмыш емхананың барлық қызмет көрсетуі және құжаттық айналымы заманауи «Электрондық емхана» жүйесі бойынша жүргізілмек. Қазір мұнда 3 жұмыс орны ашылған.