САРЫСУ АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі Досбол ауылдық округінен басталды.

 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сай, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында есеп беру жиыны әкімдіктің ресми әлеуметтік желілерінде ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН көрсетілуде. Ол үшін Сарысу ауданы әкімдігі Fecebook парақшасына өтіп, сауал жолдай аласыздар.

Айта кетейік, бүгін сағат 17:00-де Қамқалы ауылдық округіне қарасты Шығанақ ауылында аудан басшысының тұрғындар алдында есеп беру кездесуі жоспарланған.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі