Сарыкемер ауылынан тағы бір коррекциялық орталық ашылды

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасының аясында Сарыкемер ауылынан тағы бір коррекциялық орталық ашылды.
» Taza coile» орталығын кәсіпкер Билалова Айжан Хашимовна ашты.
Филиалдың төрағасы ретінде ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйлеп, лентасын қидым.
Орталыққа қазіргі таңда 30 бала қамтылған. Оларға арнайы логопед, дефектолог, АФК тренері, психолог мамандары қызмет көрсетеді.
👍Логопед маманның міндеті- дыбыс қою, просодикамен жұмыс, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін дамыту, сөздің лексико-грамматикалық құрылысын дамыту. Балалардың бет бұлшық етіне, ауыз қуысына белсенді, босаңсыту массаждарын жасау.
👍Дефектолог мамаманының міндеті- танымдық кабілеттер:ойлау, есте сақтау, зейін тұрақтылығы, көріп қабылдау, естіп қабылдау, қиялдау, түсіну кабілеттерін дамыту
👍АФК тренері — Афк сабағы(Адаптивті дене шынықтыру)
Баланың пропреоцептивті вестибулярлы жане тактильді жүйесінің дамуымен жұмыс.
Балаға қандай пайдасы бар?
-Баланы қалыпты ортаға бейімдеуге ықпал етеді
-Балаларды физикалық психикалық кедергілерді жеңу қабілетін қалыптастырады.
-Таным процестерін қалыптастыруға ықпал етеді.
-Баланың денесін тұрақты физикалық белсенділікке үйретеді,және буын мен бұлшықет тонустарын қатайтады.

Индира Спаналиева