САРЫКЕМЕР АУЫЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Үкімет халықтың әл-ауқатын арттырып, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның бірі – елді сапалы ауыз сумен қамту мәселесі. Аудан көлемінде, оның ішінде, ауылдық eлді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша соңғы жылдары бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, үш жыл мерзімге созылған су қабылдау нысаны және су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, Сарыкемер ауылдық округі тұрғындарының игілігіне ұсынылды. Сарыкемерлік тұрғындардың қуанышына аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев ортақтасып, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты шарада лента қию рәсімін ауданның Құрметті азаматы Бердібек Омаров пен еңбек ардагері Таңатар Есалиев орындады. Жаңа нысанның ішін аралап, ондағы құрылғылардың атқаратын қызметімен танысып, таза ауыз судан дәм татты.