САҚТАНСАҢ, САҚТАЙДЫ

Жер шарына таралған жаман індеттің қасіреті сәл босаңдай бастаған секілді. Дегенмен де арқаны кеңге салатан уақыт әлі келген жоқ.
Сарысу ауданында 176 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 17,5 құрады.
169 науқас есептен шығарылды. 7 науқас есепте тұр Олар да үйлеріне шықты.
Провизорлық стационарда 11 науқас, реанимацияда-2 науқас ем қабылдауда. (анализдері келмегендер)
Провизорлық (стационарлар) 40 төсек жұмыс жасайды. Провизорлық бөлімде 9 дәрігер қызметте.
Ауруханада өкпені жасанды демалдыру аппараты 2 дана, кислородный концентратор 13 дана, провизорлық 40 төсек кислородқа қосылған. 115 дана кислород жеткізілді, қорда-15 кислород бар.Медициналық бұйымдар мен қажетті препараттар жеткілікті. 4 рентген аппараты жұмыс істеп тұр. Құрылған 7 мобильдік топ автокөліктермен қамтылған.
Гуманитарлық көмек заттар жеткізілді. 7 дана концентратор демеушілік есебінен алынған.
Онда:
— Сарысу қайрымдылық қорынан (ОФ «Шұғыла») кислородный концентратор 6 дана;
— «Dauletten» қайырымдылық қорынан кислородный концентратор -1;
— Қайрымдылық акция «Халықпен біргеміз» қорынан пульсоксиметр 3 дана, кислород жастығы 3 дана, мұрын катетры 5 дана алынды.
Жалпы қазіргі таңда ауданда індеттің қарқын алуы бәсеңдеді, ахуал тұрақты,
Шын мәнінде елге екпіндеп кірген бұл індетке қарсы тұрып әлі де болса сақтық шараларын күшейтудің маңызы зор. Сондықтан да сақтанғанды сақтайтынын ұмытпағанымз абзал.
Бағила Бегманова, Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері