Салт дәстүрімізді ұмытпайық..!

Құрметті сайт оқырмандарына,әлеуметтік желідегі
игі ниетті Батырхан досымыздың қолдап, сайт оқырмандарыымызға ұсынуды жөн көрдік.» Құрметті достар, ФБ қауымы елімізде Covid-19 індеті жағдай алған кезде, бәріміздің қауіпсіздігіміз үшін үйде отырғанымыз абзал, сол себептен сіздерге өзім білетін қазақ халқының салт-дәстүрлерімен бөлісуду жөн көрдім, яғни тарихшы-этнолог (есебінде менің міндетім, ал сіздерге пайдалы болар деген ойдамын, сонымен қатар ұнаған салт-дәстүрдің астына өз пікірлеріңізді жазуларыңызды сұраймын!!!» Қолдаймыз Әумин бата қабыл болсын ..! Біз біргеміз..!

№1 Бата.

Дәстүр: Адалдық жоралғысы

Бата беру, бата алу-қазақ халқының ең кең тараған дәстүрі. Ата-бабаларымыз батаны кез келген жерде айта бермей, қасиетін қадірлеп, рухани маңызын жоғары бағалап, ең жақсысын «Ақ Бата» деп қастерлеген.
Батаның түрлері көп, мысалы: Жастарға берілетін бата, астың батасы, алғыс батасы, сапар батасы, жорыққа, майданға аттанғандарға берілетін бата секілді болып келе береді. Адам өмірінде алғашқы батаны сәби кезінде, яғни дүние есігін ашқанда, азан шақырылып аты қойылғаннан бастап алады. Батаны көркем сөзбен, өлеңмен, тақпақпен, шешендік тілмен, әсерлі сезіммен қол жайып айтқан.
Батаның жаманы да болған, оны — Теріс бата деп атайды. Бұл бата қарғыстың ең ауыр түрі деп саналған. Теріс бата алған адамды халық жек көрген, бұл батаны алақанды теріс тұрып жайып берген.

PS: күніне бір салт-дәстүрмен бөлісіп тұрамын.

Батырхан Қасымоатың ФБ парақшасынан